Семейде «Таза Бейсенбі» акциясы жалғасуда. Бүгін «AMANAT» партиясының Абай облысындағы филиалы «Затон» жағажайының аумағын тазартты. Осылайша, партия мүшелері Президентіміз бастаған маңызы зор әлеуметтік жобаны қолдады.

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы апта сайын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын қолға алды. Партия мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қаланың шеткі аумақтарын тазартуда. «AMANAT» партиясы мұндай акцияны бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ. Апта сайын өтетін әр акцияға облыстық мәслихат депутаттары белсене қатысады. Шараның мақсаты – еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын экологиялық саналы қоғам құру.

ҚҰРАЛАЙ ӘБДІЛБАЕВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ
Осы еліміздің Президентінің бастамасымен Аманат партиясының қолдауымен жалғысын тауып жатқан «Таза Қазақстан» таза белсенді экологиялық акциясында қазір біз барлығымыз бой көрсетіп жатырмыз. Яғни қоршаған ортаны таза ұстау, жалпы тазалық – ол ең бірінші өзімізден басталады.

Депутаттар қоқыс шашпай, экологиялық мәдениеттің маңыздылығын атап өтті. Олар қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

МЕРЕЙ ҚАРТ – АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Бұл жастардың өздері үшін, балалар үшін, болашақ үшін тазалық деген жасалатын дүние. Семей қаласы қазір жайнап, жақсарып, гүлдеп келе жатыр. Тазалығымыз ары қарай жалғасын таба берсін. Ең бастысы адамдарға, жалпы тұрғындарға айтарым – қоқыстан арылу, оның барлығын дұрыстап жинай жүру , бір-біріне үлгі болып жүріп деген дүниені жақсы.
ШАЛҚАР ЖОЛАМАНОВ - АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Өзіміздің Абай облысы, бүкіл қазақ елін айтатынбыз – біздің экологиямыз мемлекетіміздің, біздің тазалығымыз көгілдендіріп жасылдарымыздың барлығын өз халықтың қолында. Мысалы, тазалықтың бәрі отбасынан басталад демекші. Әр отбасы өз үйінен бастап, тазалық ұстайтын болса, жанағы сияқты озін тұрып жатқан, өмір сүріп жатқан жерлерін аялап, тазалық ұстайтын болса, біз әлі де көгіріп, жасарып үлкен, таза мемлекетке айналумыз әбден мүмкін.

Депутаттармен бірге акцияға «Жастар рухы» белсенділері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Олар жұмылып, 100 қаптан артық қоқыс жинады. Аумақты тазалауға жүзге жуық адам қатысты. Бір жарым гектар жер тазартылды. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА