16 маусым қасиетті Құрбан айт мейрамы басталады. Ол мұсылмандардың басты діни мерекелердің бірі. 3 күн ішінде құрбандық шалынып, қайырымдылық жасалады. Бұл күндері мұсылмандар бір-біріне ақ ниетпен жақсылық жасап, қоғамды мейірімділікке шақырады.

16 маусым қасиетті Құрбан айт мейрамы басталады. Құрбан айт мұсылман қауымы үшін мейірімділік пен ізгі ниеттің мерекесі. Бұл күні Абай облысы бойынша таңғы сағат 06:00-де Айт намазы оқылады. Құрбандық айт намазынан кейін шалынады. Малдың сау болуы шарт. Кей жағдайларда түйе, ешкі немесе сиырды құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Құрбандық шалынғаннан кейін еттің бір бөлігі сол адамның өзінде қалады, ал қалғанын көршілері мен мұқтаж отбасыларға таратылады.

АСҚАР МҰҚАНОВ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
Біздің ата-бабаларымыз бұл Құрбан айтты сан ғасырдан бері үзбей, тоқтамай атап өтіп келе жатқаны баршаңызға белгілі. 00:21 +++ 02:39 Құрбанның айттың үлкен рәсімі, үлкен амалы ол құрбан шалу. Ардақты Пайғамбарымыз хадисінде Құрбан айт күні пенденің Аллаға құрбандық шалумен артық жасайтын амалы боламйды дейді. Яғни, ең жақсы амал ол күні шамасы келген адам құрбан шалу.

Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні басталып, 3 күн бойы жалғасады. Құрбан айт күндері әр мұсылман күнәлардан тазарып, түзу жолға түсу үшін әрекет жасайды. Құрбандық шалушыларға Жоламан Сары базары және Дальный кенті қасапханасында жағдай жасалған. Арнайы орын барлық санитарлық талаптарға сай.

ШЫҢҒЫС ЧОКУШЕВ – СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Етті, тағамдық өнімдерді басқа да тамақтардың өнімдерді сатып алу кезінде құжаттамаларына, олардың зертханалық құжаттамаларына, жарамдылық мерзіміне, сақталу талаптарына біз жіті мән беруіміз керек. Жабдықталған нысандардан ғана тамақ өнімдерін сатып алуды біз ұсынамыз. Сонымен қатар, үйде болсын, қатымханаларда, кафелерде болсын ас беру кезінде осы жоғарыда айтылған талаптарды біз қатаң сақтап, ескеріп отыруымыз қажет.

Qurban2024.kz сайты елімізде 5-ші жыл жұмыс істейді.Онда әрбір ниет білдіруші құрбандық шалу үшін өтініш қалдыра алады. Рәсімді мешіт қызметкерлері арнайы бөлінген орындарда өткізеді. Барлығы бейнетаспаға түсіріледі. Осыдан кейін еттің 1/3 бөлігі құрбандық шалу рәсімін жасаған адамға жіберіледі. Ал қалғанын мұқтаж жандарға беріледі.

АСҚАР МҰҚАНОВ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
Барша біз мұсылмандарды осы Құрбан айтта мүмкіндігінше, құрбан шалуға, оның етін бір бөлігін өз отабсына бір бөлігін ағайын-туысына, бір бөлігін мұқтаж отбасыларға таратуға шақырамыз. Әрбір мешіттің жанынан ет қабылдау пункті ашылып жатыр. Және де әрбір мешітте мұқтаж отбасылардың тізімі жиналып жатыр. Тек қана біздің мешітіміздің өзінде қазір 300 отбасының тізімі жиналды.

Араб тілінен аударғанда «Құрбан» жақындау деген мағынаны білдіреді. Яғни, адам жақсы істер жасау арқылы тазарып, сол арқылы Аллаға жақындай түседі. Жалпы, мұсылмандардың барлық мерекелері бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен келісіміне бағытталған.


АСЛАН ЕРТІСБАЕВ