Қазақстан Республикасы судьялары мен сот қызметкерлерінің күні қарсаңында Абай облысының соттары арасында волейболдан турнир өтті. Бұл іс-шараның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және сот жүйесі судьялары мен мамандарының ынтымағын арттыру. Спартакиадаға облыстағы 19 соттың судьялары мен Абай облысы бойынша ҚР Сот әкімшілігі департаментінің мамандары қатысты. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Абай облысы бойынша филиалы болды. Спартакиада ойыншыларды спорттық жетістіктерге шабыттандырып қана қоймай, сот жүйесінің қызметкерлерін жұмылдырды.

АМАНБАЙ АЛДИЯРОВ ОТСТАВКАДАҒЫ СУДЬЯ
Шараның маңызыда, мәніде зор деп есептеймін. Себебі спартакиада болу керек. Сондықтан әр командаға жеңіс тілеймін. Бұл қанша дегемен судьялардың көңіл күйлерін кішкене расслабиться етіп, босансуына. Күні бойы жұмыста. Ауыр , жауапты қызмет. Бүгінгі шараның маңыздылығы осында деп ойлаймын. Мұны ұйымдастырып отырған сот әкімшілігігі, абай облысын сотыынң басшыларына көп рахмет айтамыз.
Әріптестер қатысушы командаларды белсенді қолдады. Іс-шара Абай облысының барлық соттарын қамтыды. Олардың барлығы дайын болды.
ҚАЗЫБЕК МҰСАБАЕВ ҮРЖАР АУДАНЫ СОТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Болып жатқан спартакиада денсаулыққа өте пайдалы. Негізі жылда болады бұл спараткиада. Жүлделі орындар беріледі. Осы орайда ең бастысы сот қызметкерлерінің денсаулығын күшейту мақсатында жасалады деген ойдамын
РУСЛАН ОМАРОВ ЖАРМА АУДАНЫ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Денсаулықтың бірінші кепілі спорт болып табылады. Сондықтан бүгін судьялар мен сот қызметкерлер арасында осындаЙ спорттық іс-шара ұйымдастырып жатыр. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Бізге силық маңызды емес. Бастысы осы іс-шараға қатысу.

Волейболдан өткен спартакиаданың бірінші күнінің қорытындысы бойынша 1 орынды – Абай облысы сотының командасы, 2 орынды – қылмыстық істер бойынша соттар құрама командасы иеленді. 3 орын – азаматтық істер бойынша соттар құрама командасының еншісінде. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер грамоталар және медальдармен марапатталды.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА