Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі "АФМ ONLINE 2024" республикалық онлайн-форумын өткізді. Іс-шара халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және алаяқтықтың алдын алуға бағытталған. Оған министрлер, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, сондай-ақ облыс әкімдіктері, Астананың және Республикалық маңызы бар қалалардың басшылары, тұрғындар қатысты.

Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан "WhatsApp", "Telegram" және "Instagram" - дағы 200 заңсыз чатты анықтады. Бүгінгі таңда 182 чат жабылған. Бұл 126 мың азаматты арбауға түсуден қорғап, шығыннан қорғап қалды. Мамандар "АФМ ONLINE 2024" форумында ақша қаражатын алаяқтардан сақтауға, халықты қаржы пирамидаларына тарту және басқа да маңызды тақырыптарға қатысты көптеген өзекті сұрақтарға жауап берді.

АЛМАТ КСАНОВ-АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл іс-шара халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар Интернеттегі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлерге арналған. Онда заңды қызметті жүргізу үшін заңнама нормалары, яғни салық төлеу, тыйым салынған заңсыз контентті жарнамалау туралы түсіндіріледі.

Жалпы, Абай облысы бойынша мұндай іс-шаралар студенттерге, оқушыларға, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен халыққа тұрақты түрде өткізіліп отырады. Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасы басшысының айтуынша, өткен айда мұндай кездесулер Аягөз, Абай және Бесқарағай аудандарында ұйымдастырылған болатын.

АЛМАТ КСАНОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мұндай іс-шаралар қаржылық заңсыздықтардың алдын алуға бағытталған, өйткені қазір көптеген адамдар сол пирамидаларға ақша салады және одан зардап шегеді. Бұл біздің еліміздің халқына қаржылай зиян келтіреді.

Форум тек мәселелерді талқылаумен шектелмейді. Іс-шара спикерлері қаржылық заң бұзушылықтың алдын алу үшін тәжірибелік қадамдарды ұсынды. Форумға қатысушылар алаяқтық схемаларды бірден байқауға, оны айырып тануға көмектесетін тәсілдерді меңгерді.

МИРЕМ АРСАНОВА-СТУДЕНТ
Менің ойымша, осындай конференцияларды өткізу жастар үшін өте маңызды, олар қаржылық сауаттылық дегеннің не екенін білуге мүмкіндік береді, бұл өте пайдалы дағды. Мен мұндай форумдардың жиі болғанын қалаймын.
АЙДАНА ЖҰМАНБЕК – СТУДЕНТ
Менің ойымша, қаржылық сауаттылық студенттер үшін және жалпы халық үшін өте маңызды. Әркім өзінің қаржылық сауаттылығын арттыруы керек, және, әрине, әркім оның негіздерін білуі керек. Мен мұндай іс-шаралардың өткізіліп жатқанына өте қуаныштымын және оларды маңызды деп санаймын.

Ел бойынша өткен онлайн-форум азаматтарды қаржылық алаяқтықтан хабардар ету мен қорғаудағы маңызды қадам болды.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА