Облыстық мәслихат депутаттары Аягөз ауданының ауылдық округтерін аралады. Ауылдардың инфрақұрылымы мен абаттандыру депутаттардың көңілдерінен шықпады. Барлық сұрақтар Аягөзде өткен кезектен тыс он бесінші көшпелі сессияның отырысында көтерілді.

Облыстық мәслихат депутаттары Баршатас, Қопа, Тарлаулы, Ақтоғай сияқты Аягөз ауданының ауылдық округтерінде болды. Аталған елді - мекендердің әлеуметтік маңызды нысандарымен танысып, тұрғындармен кездесті. Олардың өтініштерін, талаптарын, ескертулері мен ұсыныстарын тыңдады. Сессияда бірқатар депутаттар жергілікті әкімдердің қоғаммен, жергілікті тұрғындармен байланысы нашар екенін атап өтті. Өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жоспарлар, жобалар бірге қарастырылмайды, бұл атқарушы билікке де, өкілді органдарға деген сенімсіздікке әкеледі.

ҚАЙЫРЛЫ ҚАСЕНОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Барлық ауылдардың көтеріп жатьқан проблем- мал сою алаңы жоқ. , пункті жоқ еш қай ауылда. Мыңбұлақ ауылындада су жоқ. Содан мектептердің жанағы бүгінгі таңда күрделі жөндеуден өтпегені, санитарлық талапқа сай болмауы адамды қынжылтады. Балаларымыз болашағымыз. Бірақ мектептерде ешқандай жағдай жасалмаған. Шыңқожа ауылында бруцеллез ауруы шығып жатыр. Адамдар қиналып жатыр одан. Екі сиыры бар адам , бір сиырымды саттым, енді 1 сиырым қалды деп отыр. Бруцеллезға қарсы вакацинаны жоспарлы түрде салсын деген ұсынысты айтамыз.

Сондай-ақ ауылдарда кадр тапшылығы мәселесі өткір. Мұғалімдер жетіспейді. Мамандарды ауылдарға тарту мақсатында бірінші кезекте инфрақұрылымды дамыту қажет. Бірқатар зерттеулерде көрсетілгендей, мектеп ғимараттарының сапасы балалардың оқу процесіне әсер етуі мүмкін. Алайда, көптеген білім беру мекемелеріне мүлдем көңіл бөлінбеген. Мысалы, Таңсық ауылында орналасқан Қызыл Қия мектебі 1984 жылы ашылғаннан бері жөндеу көрмеген.

ШАҒАНГҮЛ ЖАНАЕВА АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Халықтың ауылға қарай икемделуіне жағдай жасауымыз керек. Инфроқұрылымдар дұрыс болу керек. Интернеттің жылдамдық қуаты дұрыс болу керек, жол дұрыс болу керек. Осыған баса назар аударамыз деп ойлаймын. Мектепте мамандар жетіспейтінін де естідік. Ақшәулі ауылында орыс тілінен, қазақ тілінен, музыка пәнінен мамандар жетіспейді дейді.

Депутаттар кей әкімдердің жұмысын нашар деп бағалады. Мысалы, олардың айтуынша Ақтоғай ауылының әкімі өзінің қызметтік міндеттеріне жауапты қарамайды.

АРМАН АХМЕТҚАНОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Ақтоғай өңірінде болдық, Қопа ауылында болдық. Бұл жерде көктемнің суын көтерілуіне байланысты, көпірді, жолдарды шайып кетіпті. Ол негізгі мәселе болып тұр. Қазір уақытты созбай , бірінші шешетін мәселелердің бірі. Аудандық аурухананың мәселесі бар. Мектептің мәселесі бар, жол мәселесі бар , су мәселесі.

Депутаттар сайлаушылардың талаптарын тіркеді. Олар барлық мәселелер құзыретті органдардың назарына жеткізіліп, жақын арада шешілетінін айтты. Сессия соңында Абай облысы мәслихатының депутаттары Айгүл Дүйсекеева мен Ержан Қойгелдин Кешірімхан Бозтаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимазиясына күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ бірқатар ауылдарға су құбырын тарту бойынша депутаттық сауалдар жолдады.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ