Әскерге шақыртудың көктемгі маусымы басталды. Қаламызда 20 жас жауынгер әскер қатарына қабылданды. Олар облыстағы әскери бөлімдерде өз борыштарын өтейтін болады. Сарбаздарды шығарып салу салтанатына Абай облысы Қорғаныс істері департаментінің өкілдері мен ата-аналар қатысты.