Еңбек мобильділігі орталығының негізі міндеті халықты жұмыспен қамту. Олар жұмыс табуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби дағдыларды үйретуге қолдау көрсетеді. Абай облысы «Еңбек мобильділігі орталығы» осы бағытта бірқатар жұмыс атқарып келеді.
Жұмыссыз азаматтарға жаңа кәсіпті игеруге және біліктілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін жобалардың бірі қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Білім беру жүйесінің бұл бөлігінде қысқартылған оқу мерзімі бар. Осы бағдарламаның арқасында қажетті дағдыларды игеріп, оларды тиімді пайдалануға болады. Еңбек мобильділігі орталығының ақпараты бойынша, 2023 жылы 300 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті. Оның 233-і жұмысқа орналастырылып, 16-сы өз кәсібін ашқан.
ЕРКЕБҰЛАН ТҰРСЫН- АБАЙ ОБЛЫСЫ "ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ" КММ ДИРЕКТОРЫ
Біз енді арнайы курсты оқитын азаматтарға 10 АЕК ретінде жәрдемақы төленеді. 4 АЕК ретінде жол ақысы төленеді ,былай айтқанда Еңбек мобильдігі орталығы тарапынан осындай мүмкіндіктер беріледі. Бұл жерде кондитер, шаштараз, маникюр шеберлері, даяшылар, азпазшылар, дәнекерлеушілер, кочегарлар, слесарь, сантехниктар, ауыл шаруашылығы техникасын айдайтын көлік жүргізушілері , тігіншілер сияқты әртүрлі азаматтар қатысты,өткен жылы 300 жуық адам оқыту курстарымен қамтамасыз етілген болатын.
Оқыту 18 білім беру мекемесінде ұйымдастырылған. Оның мерзімі-6 ай. Білім беру ұйымдары дуальды оқыту элементтерін пайдаланады. Оқу аяқталып азаматтар біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін оларға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат пен жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп, жаңа кәсіп игергендердің бірі Алтынай Асқарова. Ол кондитер-аспазшы. Негізгі мамандығы жол қозғалысын ұйымдастыру маманы. Алайда жұмыс таба алмай, еңбек мобильділігі орталығына жүгініп, жаңа мамандыққа оқуға өтініш берген.
АЛТЫНАЙ АСҚАРОВА- КОНДИТЕР
Қазіргі таңда кондитер болып жұмыс істеймін. Осы кондитерлікке мен жұмыспен қамту орталығы арқылы келдім . Жұмыспен қамту орталығына мен сәуір-мамыр айларында барған болатынмын және олар маған 3 айлық курс ұсынды . Сол бойынша 3 айлық оқу оқыдым. Барлығы жақсы , күшті болды. Кондитер болу негізі маған өзіме де ұнайды , тәттілермен жұмыс жасаған ұнайды. 3 ай өткен соң біз емтихан тапсырдық , бәрі жақсы болды, сосын сол бойынша кондитер болып істедім.
Жұмыспен қамту орталықтары еңбек нарығында өркендеу мен тұрақтылыққа ықпал ете отырып, тиімді жұмысқа орналасу үшін қажетті инфрақұрылым мен қолдауды ұсынады. Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 286 адамды жолдау жоспарлануда.
АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА