Қоғамдық көлікке шағым көп. Әлеуметтік желілер де жолаушылар тасымал қызметіне қатысты тұрғындардың пікіріне толы. Облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық көліктерге мониторинг жүргізді. Бұл ретте автобустың жиілігі, жай- күйі сияқты бірқатар талаптар назарға алынды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Мониторинг жүргізудегі басты мақсат қоғамдық көліккке қатысты халықтың пікірін тыңдау болды. Және осыған сәйкес аталған мәселелердің шешімін табу бүгінгі күннің мәселесіне айналды. Қаламызда 42 бағыт бойынша 331 автобус қызмет етеді. Тұрғындар №4,55 қоғамдық көліктерінің жиілігіне риза екендерін жеткізді. Дегенмен, №5,9,24,14,16 бағыттарға шағым көп. Жолаушылар 18,,22,24,55,48 автобустардың да нашар жүретінін айтты. Тұрғындардың пікірінше, жолаушылар кейбір автобусты сағаттап күтеді. Оның өзінде келген көлікке сыймай аялдамада тұрып қалады.
24 автобус кешке жақын, сағат 6 дан кейін жүрмей қалады. Біз пересадкамен әрең дегнеде жетеміз. Үйге жеткенше сағат 9 болады. Мына центрдағы автобустар жақсы жүреді. Ал шеткі аймақтарда мүлдем автобус болмайды.
Керемет жаман жүреді. Сандары мүлдем жетпейді. Аязды күндері 4-5 ақ автобус шығады, и то сынып қалады.
9 авобус конечкаға дейін барады. Онда кісі көп болады. 9 ды, 29 автобусты да үлкейту керек, ол жаққа баратын халық көп қой. Кішкентай қылып шығарады автобустарды. Мәселен осы 29.Оған барлық адам сыймайды ғой.
Монитрингтен кейін жауапты мамандардың қатысуымен жиын өтті. Оның барысында тұрғындар көтерген мәселелер талқыланды. Қоғамдық көліктердің тазалығы, автобустардың жиілігі сияқты мәселелер қозғалды. Қала тұрғындарының шағымын ескере отырып, мәслихат төрағасы жауапты мамандарға сауал жолдады.
ҚУАНЫШ СҮЛЕЙМЕНОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Мәслихат аппараты 29 қаңтардан бастап «Инфобус» қосымшасы арқылы қоғамдық көліктерге мониторинг жүргізді. Оған сәйкес автобустардың күнделікті санының азайғандығы байқалады. Мәселен, мониторинг барысында 248 техника болған болса, оның ішінде 201 техника белгіленген маршрутпен жүрсе, қалған 47 одан басқа бағытпен жүретіндігі анықталды. Мендегі сұрақ осы 83 автобус неге үнемі маршрутка сәйкес емес және жұмыста болмайды.
Қаладағы автобус мәселесіне тиісті орындар жауап берді. Қоғамдық көліктің жиі болмауының себебі автобус жүргізушісінің тапшылығы. Дегенмен, автобус жүргізушілерінің жалақасы тұрақты, оған қатысты шағым түспеген.
ГРИГОРИЙ ПИНЧУК «АВТО ТРАНС СЕМЕЙ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Бізде, бүгінгі таңда 270 техника, қоғамдық көлік бар. Бірақ, бұл жердегі басты мәселе жүргізушілердің жетіспеушілігі. Екіншіден, автобустар белгілі бір мерзім аралығында қызмет етіп болғаннан кейін жиі істен шыға бастайды. Мәселен , қазір 160 автобус қызмет көрсетіп жүр. Бұл барлық автобустардың 78 пайызын құрайды.
Осылай тасымалдаушы бизнесінің иелері жолаушы тасымалдау ісіне қатысты қиындықтарды жеткізді. Автобус жүргізушілерінің аздығы мен техниканың жағдайы Семейдегі жолаушы тасымалы саласын реттеуге мүмкіндік бермей келеді.