Алайда, музыкалық құрылғылардың көшіп-қонуды көтермейтіндігін айтқан музыканттар көшуден бас тартуда. Жағдайдың мән-жайын білу мақсатында қаламызға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар келді.НАЧИТКА: Музыкалық колледж ұжымы көшуді ұсынған жергілікті билік өкілдерінің ұсынысына қарсылық білдіріп, 40 жылдан астам еңбек еткен ғимараттарын қалайда алып қалуға тырысуда. Осы мәселеге байланысты арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар педагогтармен кездесу алдында ғимаратты көріп шықты. Басты себеп- аспаптар,- дейді олар. Училищеде 11 рояль, 84 фортепиано бар. Олардың көбін бұдан 40 жыл бұрын кранмен әкеп қойған. Қазірде олар орнынан қозғауды көтермейді. Екінші себеп, педагогтар ұзақ жылдар бойы әрең қол жеткізген температура жағдайы. Ұжымға көшуге ұсыныс жасалып отырған бизнес колледж ғимаратында ол жоқ. СНХ  ОРАЗГҮЛ БЕКТОЛАТОВА – М.ТӨЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ УЧИЛИЩЕ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ - Бизнес – колледждің ғимараты өте суық және дымқыл екенін біз ғана емес, бүкіл қала біледі. Ал бұл біз үшін өте маңызды жайттардың бірі. Өйткені, аспаптарға, вокалист, актер, хореографтарға –бәріне жылы және құрғақ жер керек. Біз, тіпті, бұл жерге не істейтінін де білмейміз. Тек сол жаққа көшіңдер дейді.  Бұл біздің негізгі материалды-техникалық базамыз болғандықтан, көзіміздің қарашығындай сақтап отырмыз. Сондықтан, әрине, оны ары-бері тасып, көшіру - 50%-ын жоғалтқанмен бірдей. Ал бұл – біздің базамыз.  СНХ ХАМИТ СЫДЫҚОВ  70-ЖЫЛДАРДАҒЫ УЧИЛИЩЕ ДИРЕКТОРЫ 294-5718  Қазақша. 02.25 мынау колледждің ғимаратын көрдім. Музыкалық училищеге мүлде келмейді. Оның кабинеттері атшаптырым. 25-30 бала оқитын зал. Мұнда жеке бір баламен 2 концертмейстер мұғалім үшеуі күні бойы бір баламен жұмыс жасайды. Айдалада өзі, үлкен. Мынау шағын ұйып тұрған коллектив.02.51 Айта кетейік, жиналғандарға музыкалық колледж ғимаратының алдағы тағдыры туралы ештеңе айтылмады.  ИНТЕРШУМ: 294 5723: 00.42 – Кімнің қайдан шыққан нәрсе? Айтыңызшы маған. Кому это надо? Бұл мемлекетке керек па, культураға керек па, әлде халық қызмет үшін керек па. Соны бізге нақты түсірініп беріңіз. Бізге мына артық здание керек жоқ. Басқа бізге түкте керек жоқ. Ана залға біз бармаймыз, біз қарсымыз.  – 01.25.  01.43 – Мен арнайы келдім, мына здание көрдім. Қазір ана жақта барып коремін. Арнайы жұмыс тобы құраймыз. Сосын бары ақылдасып қараймыз. Без крика примем совместное решение-  02.00

Сервис колледжбен біріктірілген жағдайда, бизнес колледждің ғимаратын музыкалық училищеге беру жоспарланған. Алайда, ондағы дәрісханалар мен мәжіліс залының үлкендігі педагогтарды қуантып отырған жоқ. Себебі, стандарттарға сай емес. Яғни, музыканттарға жекелеген сабақтар үшін шағын бөлмелер қажет болғандықтан, ғимараттың көп бөлігі бос қалуы мүмкін,- дейді училище директоры. ИНТЕРШУМ : 5751: 01.20 – Значит вашими требованиями...Только полкоманаты, больше нельзя – акустика мешает. – 01.35.  Музыканттарға электронды оқыту бөлмелері, ғаламторы мен үлкен мультимедиялық проекторы бар кабинеттер, үлкен спортзал мен дәрісханалардың қажеті шамалы. Ал өз кезегінде сервис колледжге көшетін бизнес колледж мұның барлығынан айрылуы мүмкін. Айта кету керек, ғимараттан көшу ешбір ұжымға қолайлы емес көрінеді.  СНХ ШОЛПАН РАХМАНҚҰЛОВА – ӘДІСКЕРСервис колледжде не спортзал, не акт залы, не асхана жоқ. Мен олардың сабақты саябақтағы тротуарда жүргізіп жатқанын көргенмін. Бізді өзіміздің колледждің базасымен қосса, қарсы емеспіз. Сервис колледж бізге көшіп келсе. Бізде 8 компьютерлік сынып бар, ал оларда тек екеу. Бізде тағам даярлау технологиясы арнайы 4 теориялық аудиторияны қамтиды. Бүгінде ШҚО-да 80 колледж жұмыс істейді. Оның 60 пайызы мемлекеттік, ал қалғаны жеке меншік. Жақсылық Омардың айтуынша, олардың қызметі қайта қаралатын болады. Себебі,  оқу орындарының жартысы бос болса, кейбірі  ұқсас мамандар дайындайды. Сондықтан,оңтайландырмаса болмайды. СНХ ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАР – ШҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Мемлекет қаражаты есебінен жақсы не мейірімді болмауымыз керек. Керек жерде оңтайландыру  қажет. Қазір сондай уақыт. Көп адамдар жұмыссыз қаламыз деп ойлайды. Мен ашығын айтайын, ешбір мұғалім жұмыссыз қалмайды. Жұмыс тобының шешімімен қай колледждерді үйлестіретінімізді қарастырамыз. Әзірге біржақты шешім жоқ. Музыкалық колледждің тағдыры жөнінде облыс әкімінің орынбасары ештеңе айтпады. Ұжыммен тілшілерсіз кездесті. Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылы училище бұндай жағдайды басынан өткерген болатын. Ол кезде жатақханадан айрылған еді. Сол себепті енді ғимартатты сақтап қалуға тырысуда. С.Б. К.К. – СНС