Жарма ауданының Шар қаласында III "Саят Қамшыгер оқулары" өтті. Аудандық байқауға 59 оқушы қатысты. Бір атап өтерлігі, осы байқауда орын алған қатысушылардың жетістігі олардың ұстаздарының биылдан бастап мұғалімдерді аттестациялауға жарамды болмақ.


Төлеу Көбдіков атындағы мектеп бүгін нағыз мерекенің ортасына айналды. Аулаға киіз тігіліп, қатысушыларды әжелер әнмен қарсы алды. Келуішлерге ақ дәм қымыз бен бауырсақ ұсынылды. Балалар асық ойнап, күй күмбірлдеп жатты. Осылайша, шарлықтар қонақжайлылығымен таң қалдырды. 3 –ші мәрте өткізіліп отырған «Саят Қамшыгер» оқуларының ерекшелігі – оза шапқан оқушылардың ұстаздарын аттестациялау кезінде көмегі тимек.


Нұржамал Жанаева – Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері


Жарма аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 3-ші жыл өткізіп жатырмыз. Бұл біздің дәстүрлі байқауға айналып отыр. Осы байқауымызға жылда балалар өте жақсы дайындықпен келеді. 59 бала 3 бағыт бойынша қатысады. Осы бағыттар бойынша өздерінің өнерін, таланттарын көрсетіп, тиісті бағаларын алады. Саят Қамшыгердің балалар үшін жасап жатқан үлкен көмегі бар. 2 баланың өлеңдер жинағын шығарды.


Саят Қамшыгер Жарма ауданы Кезенсу ауылының тумасы. Сондықтан сайыстың осы ауданда өткізілуі заңдылық. Олда өзінің шығармашылығын дәл осы оқушылар сияқты түрлі сайыс, мүшәйралардан бастаған. Қазір ол Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі әрі "Серпер"жастар сыйлығының лауреаты.


Саят Қамшыгер – ақын


Кейде көп таланттарымызды бағаламай жатамыз, білмей жатамыз. Осындай байқауға дайындалудың барысында солар жарыққа шығады. Былтыр эсселер жинағының материалын алып кетіп, биыл кітап қылып шығарып алып келдім. Сол эсселер жинағын қарап отырсам небір жақсы ойларды жазған оқушыларды көріп, шыныда да кемел, жарқын болашағымыз бар екен деген ойға келдім. Біздің ойымызға келмейтін жақсы ойларды олар жаза біледі. Тәуелсіз елдің жатары әлі талай нәрсені бітерід дегенге сенемін.


Байқау қорытындысы бойынша Саят Қамшыгердің шығармашылығына негізделген «...Балалығым, балғын шағым, дәуренім,... » тақырыбына эссе жазу бойынша бірінші орынды 8 сынып оқушысы Шәмшібану Қапайқызы иеленіп, ақынның 100 мың теңге көлеміндегі біржолғы сыйлығын алды. «...Өлең шіркін – жан дүниемнің наз үні... » бағыты бойынша бірінші орынды 7 сынып оқушысы Альбина Нұрпейіс, «...Бiз ақынбыз, бiздерге ешқашанда таң қалма...» аталымы бойынша І орынды 9 сынып оқушысы Балым Нұрахметова жеңіп алды.


Ермек Исабаев