Семей медицина университетінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Дюсупов Ахметқали Зайнолдаұлын еске алуға арналған жедел және шұғыл медициналық көмек бойынша халықаралық конференция өтті. Конференцияға Жапония, Үндістан, Ресейден келген көрнекті ғалымдар мен профессорлар қатысты.
Дюсупов Ахметқали Зайнолдаұлы 1972 жылы медициналық институтты бітіргеннен кейін, үздік түлектердің бірі ретінде топографиялық анатомиясы бар жедел хирургия кафедрасының ассистенті болып, кафедрада 1980 жылға дейін жұмыс істеді. Әр жылдары денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақ КСР медицина қызметкерлерінің Республикалық комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Семей медициналық университетінің қалыптасуы мен дамуына сіңірген еңбегі үшін Ахметқали Зайнолдаұлының есімі өзі негізін қалаған жедел медицина кафедрасына берілді.
АЛТАЙ ДЮСУПОВ "СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ" КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР
Қызметін қатардағы дәрігер және әскер болып бастап, кафедра меңгерушісі, факультет деканы. Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі атағына дейін жетті. Өзініі саналы өмірін, ғұмырының 49 жылын арнап, біздің университетте жұмыс атқарып, дамуына өз үлесін қосқан болатын. Ол кісінің жүріп өткен жолы тек балалары мен немерелеріне ғана емес, мұндағы студенттерге, шәкірттерге, болашақ дәрігерлерге үлгі болды.
Халықаралық конференция мақсаты: танымдық белсенділікті, коммуникативтік дағдыларды дамыту, шұғыл жағдайларда көмек көрсетудің диагностикасы мен тактикасы бойынша қосымша білім мен дағдыларды шыңдау. Шара барысында барлығы 90-нан астам түрлі тақырыпта баяндама ұсынылды.
НАЗАРБЕК ОМАРОВ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
Бүгін біздің университетімізде осыған орай 4 секция өз жұмысын бастап жатыр. Ол хирургияның өзекті мәселелері , терапияның өзекті шұғыл мәселелері. Ол жедел апатты медицинаның организацияылық сұрақтары және постролық доклад. Жалпы 90 астам бүгін баяндама болады. Тіркелген кісілердің саны олнайн оффлайн бойынша 280 адам. Бұл конференцияның қазіргі кездегі тәжірибиелі дәрігерлерге немесе болашақ жас мамандарға маңызы өте зор, өйткені біз білеміз ковид кезінде шұғыл медицина шұғыл көмек ол өте өзекті.
Конференцияға қатысушылар профессор Ахметқали Дюсуповтың медицина ғылымы мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.
ДАРИЯ ШАБДАРБАЕВА М.Ғ.Д., ПРОФЕССОР, ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ ЖӘНЕ СОТ МЕДИЦИНАСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Бүгінгі конференция біздің дәрігер болып қалыптасуымызға ықпал еткен ұстазымыз доктор, профессор Дюсупов Ахметқали Зайнолдаұлына арналады. Мен өзім ол ұстазыма өте ризамын, өйткені мен ғылымға аяқ басқан сәтімде алғашқы ұстаздарымның бірі болған. Ұстазым мені дұрыс бағытқа бағыттап, ақылын айтып, ғылымның не екенін, не үшін керек екенін үйретті.
Ахметқали Зайнолдаұлы 300-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 20 оқу құралы мен әдістемелік еңбектер жариялаған. Ол КСРО, Қазақстан медицинасындағы көптеген зерттеулердің авторы. Өзінің еңбек жолын Семей медицина университетіне арнап, бар білгенін болашақ дәрігерлерге үйретті. Ахметқали Зайнолдаұлынан тәлім алған мыңдаған дәрігер бүгінде әлемнің түрлі елдерінде табысты еңбек етіп жүр.
ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ