Қазіргі таңда табиғи шөптермен емдеу жақсы дамып келе жатыр. Осы орайда қаламызда «Ақ-нұр» табиғи шөптермен емдеу орталығы ашылды. Тілшіміз баяндасын.

Әсел Сәбетқалиқызы танымал емші, фитофармацевт, тамыршы, диагност-дәрігер Семейде «Ақ-нұр» медициналық орталығын ашты. Жаңа емдеу нысаны инновациялық бағыттағы халықаралық стандарттарға сай. Орталықта тұз басу, от жылуымен шаншу алу, ине терепиясы, мануалды массаж сынды түрлі қызмет түрлері ұсынылады. Сонымен қатар фитофармацевт Әсел Сәбетқалиқызы өзінің жеке рецепті арқылы химикатсыз, әр адамның жеке диагнозына қарай табиғи шөптер арқылы дәрі жасайды.

ӘСЕЛ СӘБЕТҚАЛИҚЫЗЫ – «АҚ-НҰР» ШИПАГЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Келген адамды толыққанды тамырын ұстап отырып, тамырмен зерттей отыра, тамырдың соғуына, ішкі ағзаның, бездердің жұмыс жасап жасамауы, жасауына қарай, тамырдың әлсіз соғуына қарай ғылыми зерттеулерден жалпы тамыр ұстау маманы болғандықтан тамыр арқылы толыққанды 100% диагноз қойылады. Мен өзім көре алмай тұрған ағзадағы ақаулар болса УЗИге, КТға жіберіп жатамын.

Орталыққа келіп, ем алам деушілерге ешқандай шектеу жоқ. Яғни, егде жасқа келгендер де, жас балалар да келіп ем қабылдай алады. Орталықтың ашылу салтанатында туғанынан аяғын басып жүре алмай, кейіннен Әсел Сәбетқалиқызының көмегімен ауруынан айыққан баланың тұсауы кесіліп, оған және анасына ҚХР-да орналасқан диагностикалық орталыққа аурудың себеп- салдарын анықтау үшін тегін жолдама табысталды. Сонымен қатар, басқа да ем алушылар шараға қатысып, өздерінің алғыстарын, жүрек жарды тілектерін білдіріп жатты.

Диагноздарым әртүрлі болды. Көбінесе, бұл орталықта көзімді емдеттім. Енді бәрі тамаша, жақсы. Әсел ханымға көп- көп рақмет. Емі шипа болсын.
Бүгінгі шараға ризашлығымды айтайын деп келдім. Бәрі жақсы бола берсін, жасаған еңбектерінің жемісін көре берсін.

ҚХР табиғи шөптермен емдеудің отаны екені белгілі. Әсел Сәбетқалиқызы осы салада терең игеріліп, жетілген ем-домның қыр-сырын Қытайда жүріп оқып, бірнеше жыл дәріс алып, бойына тоқыды.

ӘСЕЛ СӘБЕТҚАЛИҚЫЗЫ – «АҚ-НҰР» ШИПАГЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Әр адамның ауруы, себеп- салдарына байланысты, бұл жерде ауруды тапқаннан кейін оның себебін табамыз. Жүрегім ауырады десе, ол қалай, неден ауырып тұр, ол қанның қоюлығынан не болмаса жүрек қан тамырлары қысылғаннан ауырып тұр ма, мүмкін остехандроз, қабырға аралық невралгия, сондай қан қысымының, қанның айналуының бұзылуынан ауырып жататын аурулар болады.

 Әсел Сәбетқалиқызының «Ақ-нұр» шипагерлік орталығы науқастардың бойындағы ауруларды табиғи жолмен емдеу мақсатында еңбек етіп келеді. Жаңа орталық Ұранхаев 1 мекенжайында орналасқан.


Жұлдызай Маратқызы