Семей қаласының сол жағалауында Белсенді, ұзақ өмір сүру орталығының бөлімшесі ашылды. Бұл бөлімше зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. Орталық Семей қаласы әкімінің бастамасымен ашылды.
Қаланың сол жағалауында қазыналы қарияларға қызмет көрсететін Белсенді өмір сүру орталығының тағы бір бөлімшесі ашылды. Мұнда қызмет алушылар емдік дене шынықтыру сабақтарын, медициналық қызметтер, еңбек терапиясы, тілдік курстардан өтіп, би, домбыра үйірмесіне, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Сонымен қатар, скандинавиялық серуендеуге шығып, үстел ойындарын да ойнай алады. Бұл жерде қариялардың күнделікті қажетті белсенді өмір сүруіне арналған барлық жағдайлар жасалған.
СЕРІК ЖҰМАДІЛОВ – ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі таңда үлкен аталарымыз бен апаларымыз өте белсенді. Осы жерге келем деушілердің саны өте көп. Яғни, біз барлығын бір уақытта қабылдамасақ та, арнайы кесте әзірлегенбіз, сол кестеге сай өздерінің уақыттарында келіп, бір жұмада 100-ден аса үлкен кісілер осы орталықта өздеріне қажетті уақытта келіп кете алады.
Орталықтың мақсаты - егде жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге бейімдеу. Бұл бөлімше аптасына 250-ден астам зейнетке шыққан адамдарға қызмет көрсетеді. 14 қызметкер жұмыс жасайды.
АЙНҰР ИМАШЕВА - БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Орталық 3 бағытта жұмыс жасайды. Бұл міне, біздің орталығымыз белсенді өмір сүру орталығы және де күндізгі бөлім, одан кейін үй жағдайында қызмет алу, әлеуметтік қызмет алу. Біздікі әлеуметтік белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлімшесі болғандықтан, бізге келетін зейнеткерлер 61 жастан бастап 80 жас аралығында келеді. Осы сияқты орталықтар аудандарда көп болса. Өйткені, біздің орталығымыз Шәкәрім даңғылы 68-де ғана болғандықтан, жан жақтан Восточный, Юность жақтан келу керек болса, қиын. Ал, бүгін сол жағалауда осындай орталық ашылып отыр, ол өте жақсы деп ойлаймын. Кісілерге мынадай ауа райында ары бері жүргенге де қолайлы.
Орталықта заңгерлер мен психологтар жұмыс істейді. Барлық қызметтер тегін. Қызмет алушылардың айтуынша, мұндай орталықтар зейнет жасына шыққан қарт адамдарға бос уақытын өткізу үшін таптырмас мүмкіндік.
ҚАРЛЫҒАШ ЗАКИРОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Осы орталыққа 3 жыл болды барып жүрміз. Өте қуаныштымыз. Абай облысы, Семей қаласында жылдан жылға осындай өзгерістер болып жатыр. Осындай орталықтар ашылып жатыр. Осындай рәсім өткізіп жатырмыз. Ашылудамыз. Сол жерден біз көп үлес аламыз өмірімізге, ұзақ өмір сүру үшін.
ЛЮБОВЬ ГУРЖИЙ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мен зейнетке шыққаннан бастап, белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келіп жүргеніме 7 жыл болды. Әкімдік басшылығына бізге осындай тамаша жағдай жасағанына, әдемі белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашқанына шын жүректен алғысымды білдіремін. Шынында да, егде жасқа келгенде осындай орталықтар қажет. Өйткені, біз үйде бос отырмай, өз уақытымызда жете алмаған нәрселермен айналысуымызға мүмкіндік бар. Бұл өте керемет.
Бұл сол жағалаудағы алғашқы орталық. Ал қаланың оң жағалауында 2021 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Алдағы уақытта халық көп шоғырланған қаланың өзге де аудандарында 7-8 орталық ашу жоспарлануда.
АСЛАН ЕРТІСБАЕВ