Этноауылда 10 күн бойы ұлттық спорттан сайыстар өтеді. Бүгін қазақ күресінен жастар арасындағы ашық турнир өтті. Жарысқа еліміздің бірнеше өңірінен 70-тен астам балуан қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Абай облысы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстары мен Қызылорда қаласынан келген спортшылар бозкілемде бақ сынасты. 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен жарыс тартысқа толы болды.

ДУМАН ҚЫЗДАРБЕКОВ – ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Барлық палуандарымызға жеңіс тілейміз. Жеңіске жетсін. Абай атамыздың 180 жылдығы жақсы деңгейде өтіп, Семейіміздің халқы әрдайым қызық осындай той думанды басынан өткізе берсін. Семейіміз жасай берсін.

Ұлттық спортты дәріптеуді мақсат еткен турнирге қатысушылар жүлделі орындар үшін белдесті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

ҚУАТ ИСАЖАНОВ –ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А
Қазіргі таңда бүгінгі міне өзіміздің ұлттық спортымыз Қазақ күресінен қалалық чемпионаттан бастадық. Қалалық ашық чемпионатқа әртүрлі облыстардан 70 аса спортшы қатысып жатыр. Бүгінгі таңда осы жарыс аяғына жеткен кезде спортшылар денешынықтыру және спорт бөлімінің арнайы медальдар, грамоталарымен және де бағалы сыйлықтарымен марапатталатын болады.

Балуандар арасында Аягөз, Абай ауданы және өзге де өңірлерден келген спортшылар белсенділік танытып, мерейтойлық турнирдің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

тілеймін. Осы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. МЕЙІРБЕК ҚАЙЫРБЕКОВ – АБАЙ АУДАНЫНЫҢ БАЛУАНЫ Бүгін Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Абай облысының ашық турнирі өтіп жатыр қазақ күресінен. 74 келі салмақ дәрежесінде күресіп жатырмын. Жартылай финалға жолдама алдым. Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластардың бәрі осал емес. Мықты дайындалып келген. Қазір бұйыртса финалға шығамын деген үміттемін.

МЕЙІРБЕК ҚАЙЫРБЕКОВ – АБАЙ АУДАНЫНЫҢ БАЛУАНЫ
Бүгін Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Абай облысының ашық турнирі өтіп жатыр қазақ күресінен. 74 келі салмақ дәрежесінде күресіп жатырмын. Жартылай финалға жолдама алдым. Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластардың бәрі осал емес. Мықты дайындалып келген. Қазір бұйыртса финалға шығамын деген үміттемін.

Бұл жарыс – ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, ұлттық спортты ұлықтаудың бір көрінісі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс жаңа есімдерді анықтауға мүмкіндік береді.


АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА