Семейдің орталық Арбатында танымал суретші әрі иллюстратор Аңсаған Мұстафаның жеке көрмесі ашылды. Көрме Абай пәлсапасын бүгінгі қоғамға қылқалам арқылы көрсету. Көз тартар, көркем ойға жетелер көрме жайында жан-жақты тілші тарқатсын.
Мына туындылардан қылқалам шеберінің шынайылығын, шеберлігін айқын аңғаруға болады. «Мен де әр туындым арқылы көрерменнің жүрегіне жол тауып, ой салғым келді», дейді суретші.
АҢСАҒАН МҰСТАФА, ИЛЛЮСТРАТОР, СУРЕТШІ
Жалпы, суреттерге қарап Абайдың қара сөздерін көшеге шығару мақсат. Көшеде жүрген адамдардың көзі түсіп, кішкене ойланып, Абайдың сөздерін ойына түйіп, сүйтсе деген ниетпен жасалған.
Экспозицияда адамның ішкі әлемі, гуманизм, өмірдің мәнін екшейтін тақырыптағы туындылар қойылған. Көрме - Абай философиясы мен қазіргі заманғы өнерді тоғыстырып тұрғандай. Аңсаған Мұстафаның қолына қылқалам ұстағанына 35 жылға жуықтаған. Өзінің шығармаларында ол әйел құқығы, отбасылық құндылық, руханият және адамның ішкі әлеміне терең үңіледі. Оның туындылары халықаралық көрмелерде де пікір қалыптастырған.
ҚУАТ ҚИЫҚБАЙ, АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Осы көрме өзінің тақырыбы айтып тұрғандай, көңілімізге шын мәнінде түрлі ой салған айтулы дүние болды. Сонымен қатар, дәл бүгінгі күні Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойының арнайы 10 күндігі де дәл осы көрмеден басталуының мәні терең деп ойлаймыз.
Айта кетейік, көрме 4-тамызға дейін жалғасады.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ