5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 16 күн қалды. Абай облысының спортшылары дүбірлі додаға дайындығын күшейтіп,жарыста жеңіс тұғырынан көрінуге бел буып отыр. Арнамыздың шығармашылық тобы Абай облысының атынан қатысатын Зарина Сарипованың осы ойындарға дайындығымен танысып, сұқбаттасып келді.
Зарина Сарипова 14 жасынан бастап спортпен шұғылданып бастаған. Алғашында волейбол, баскетбол сынды ойындарға қызығушылық танытқанымен, кейін нық сеніммен күрес алаңын таңдапты. 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткен 4-ші ДКО-да Зарина алтын медальді қанжығалаған болатын. Ендігі ойындар өзіміздің елімізде өтіп жатқандықтан, мойынымызда үлкен жауапкершілік бар, деді чемпион қыз.
Зарина Сарипова – IV ДКО әйелдер арасында қазақ күресінен чемпионы
Жақсы деңгейде өтіп жатыр, жыл басталғалы бері бірнеше оқу-жаттығу жиындары өтті, тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де, Қырғызстан, Грузия мемлекеттерінде де болды. Енді алда тағы бір оқу-жаттығу жиынымыз бар, соған 26-сы бұйырса кетеміз, 27-сі басталады. 2022 жылы болған. Ол жылы ең алғаш әйелдерді қосқан болатын, бұрын тек ерлер арасында ғана болған. Сол жылы әртүрлі мемлекеттерден келді, жоғары деңгейде өтті.
Зарина үйдің кенжесі, екі әпкесі бар, отбасында ешкімнің күреске қатысы болмаған. Дегенмен үйдің ерке кенжесі осынау қиын спорт түріне қызығушылық танытып, өзінің күш-жігерін күллі әлемге танытып жүр. Сондықтан, күресуге ниетті қыздардың барлығын қорықпай, ұлттық спортқа қатысуға шақырады.
Зарина Сарипова – IV ДКО әйелдер арасында қазақ күресінен чемпионы
Өзіміздің төл спорт болғандықтан кішкене жауапкершілікті талап етеді. Бұйыртса алтын алуға тырысамын. Өзіміздің елімізде, жерімізде болып жатқандықтан, бар күшімді саламын деп айта аламын.
Осы орайда бапкердің де рөлі айрықша орын алады. Спортшының жеңіске жетуінің бірден-бір демеушісі– жаттықтырушысы. Мухсин Нұртазин -Зарина алғаш рет алаңға келгеннен бастап, қазіргі күнге дейін жаттықтырып келеді. Келе жатқан Көшпенділер ойынында өзінің шәкіртіне үлкен үміт артып отыр.
Мухсин Нұртазин – жаттықтырушысы
Енді, Көшпенділер ойыны өзімізде өтетін болған соң, оған дұрыстап дайындалу керек болып жатыр. Бізден күресетін Зарина Сарипова, қазір енді көбінесе оқу жиынына қатысады, арасында Семейге келген кезде осы жерде өзіміз бөлек жаттығу жасаймыз. Алдында Түркияда өткен көшпенділерде алтын ұтып алған, енді осы жолы да үміттеніп тұрмыз, ұтады деп.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар Орталық Азияның көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. ДКО адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.
Сұлтан Жоламанов