«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы еліміздің түпкір-түпкірі қоқыстан тазарып жатыр. 2018 жылдан бастап Экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағындағы рұқсат етілмеген қоқыстарды анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізуде. Деректер бойынша облыс аумағында 2024 жылы 52 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды.
Бүгінгі күні gharysh.kz порталының деректеріне сәйкес Жаңасемей ауданы бойынша 21 рұқсат етілмеген қоқыс орны табылды. Ертіс ауылының аумағында 8 қоқыс ошағы анықталды. Оның ішінде төртеуі Мұқыр ауылында, ауданы 6 гектарды құрайтын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында . Қалдықтар көлемінің ұлғаюына байланысты бүгінде оның аумағын кеңейту және қоршау қажет.Біздің түсірілім тобының қатысуымен Прииртышское ауылындағы қоқыстың 4 ошағы жойылды.
Оралхан Өзбеков – Абай облысы экология департаменті басшысының орынбасары
Бүгінгі таңда Абай облысының аумағында 52 заңсыз қоқыс үйнділері анықталды, ҚР Экологиялық Заң талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы орган коммуналдық қалдықтарды шығару, жою және экологиялық залалсыздандыру жұмыстары бойынша әр тиесілі әкімшілік аумақта тазарту жұмыстарын атқаруға міндеттелген. Осы заң талаптарына сәйкес Экология департаментімен бірнеше рет жергілікті атқарушы органның мекен-жайына заңсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі бойынша хаттар жіберілді.
Ғарыш сапары геопорталының деректері бойынша Абай облысының аумағында 2023 жылы 347 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, оның 18-і Бесқарағай ауданында, 40-ы Бородулиха ауаданында, 289-ы Семей қаласында. Жаңа-Семей ауданындағы белгіленбеген орындағы қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.
Нұржан Зейнуллин – Жаңа-Семей ауданы әкімінің орынбасары
Бүгінгі таңда Жиенәлі, Ертіс және Көкентау ауылдық округтарында 17 заңсыз қоқыстар тазартылып, қазіргі таңда Достық ауылдық округінде 8 заңсыз қоқыс болатын, соның 4-уі тазаланып, қазір қалған 4-уі тазаланып жатыр. Қоқыстар осы жерден жиналып, ары қарай қатты қоқыс орнына апарылып, төгіліп жатыр, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
ҚР экологиялық Кодексінің 365-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, уақытша сақтауды және залалсыздандыруды жүзеге асыруға міндетті. Экология департаменті берген мәліметке сәйкес, 2023 жылы аталмыш жұмыстарды уақытылы аяқтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тұлға 276 000 тг айыппұл төлеген. Заңсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстар 31 тамызға дейін жалғаспақ.
Сұлтан Жоламанов