Курчатов қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қоршаған ортаның экологиясына арналған «Жасыл аймақ» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара экологиялық мәдениетті сіңіріп өскен саналы ұрпақты қалыптастыруға бағытталған. Онда қала мектептерінің оқушылары белсенділік танытып, экологияны сақтау туралы өз көзқарастарын білдірді.
Курчатов қаласында экология және жасыл аймақтарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бірнеше аумақ тазартылып, қоқыс шығарылды. Жергілікті жастар ресурстық орталығының қатысуымен 20-дан астам экологиялық акциялар өткізілді. Курчатов қаласы Семей ядролық полигон аумағында орналасқандықтан, мұндай шаралардың маңыздылығы жоғары.
Айжан Мұсатаева – Курчатов қаласы жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы
Курчатов қаласы үшін аумақтарды абаттандыру, көшет отырғызу сынды жұмыстар үлкен маңызға ие. Біз бұрындары Семей ядролық полигонының аумағында болғандықтан, кейбір қауіптер бар. Сондықтан өскелең ұрпақты экологиялық бағытта тәрбиелеу бойынша жұмыстар өте белсенді жүргізілуде.
00:26 Для Курчатова облагораживание территории, посадка саженцев все это имеет большое значение. Так как мы в свое время считались на территории семипалатинского ядерного полигона. Поэтому есть кое какие риски. Поэтому очень активно ведется работа по экологическому направлению воспитанию подрастающего поколения. 00:50
Дөңгелек үстел барысында экологиялық тепе-теңдікті сақтау және қолдау әдістері туралы айтылды. Мектеп оқушылары өзара пікір алмасып, белсенділік танытты. Табиғатты қорғау және аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша өз идеяларын ұсынды. Олардың айтуынша, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологияны сақтап қалуға болады.
Дамеля Смағұлова – 11 сынып оқушысы
Біріншіден, жастар табиғатты аялай бастайды, экологияны сақтаудың маңыздылығын түсінеді. Бүгінде жер шарының ластануы өте өзекті тақырып. Осылайша, жас буын өкілдері табиғат құндылығын, оны сақтау үшін не істеу керектігін түсінеді. Менің ойымша, бұл маңызды шара. Жастарды осындай дағдыларға жастайынан баулу керек.
Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын білдіріп, еріктілер тобына кіруге ниет білдірді. Бұл өңірдің дамуына үлес қосуға дайын экологиялық саналы ұрпақты қалыптастырудағы маңызды шара болды.