Қазір медицина көз ілестірмей дамып келеді. Әлемнің түкпір-түкпірінде жаңа әдістер, инновациялық технологиялар мен ғылыми жетістіктер адам өмірін құтқарып, денсаулығын жақсартуды жеңілдетуде. Осы ретте, сала мамандарының өзара тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істеуі аса маңызды. Дәл осындай мақсатта Семей медицина университетінің бастамасымен бірнеше білікті дәрігер шақырылып, жергілікті мамандарға арналған шеберлік сабағын өткізді.