Төтенше жағдай кезінде кез келген жағдайға дайын болу үшін қазір ел бойынша дайындық жұмыстары күшейтілуде. 23-ші ақпан күні еліміздің барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық оқу- жаттығу өткізілді. Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті, қауіпсіздікті сақтауы.

Сейсмикалық сынақтарды жүргізу кезінде білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік мекемелердің дайындығына аса мән берілді. Жаттығу кезінде дабыл қосылып, қауіпсіздік шараларын сақтау іс-қимылдары пысықталды.

ДИМАШ АСҚАРОВ- АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М. А
Қазақстан тұрғындарына қауіпсіздік шараларын түсіндіру , сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында осы жылдың 23 ақпанында бүкіл Қазақстан аумағында бірыңғай сейсма жаттығу өткізілді. Облыс әкімдігінің ғимаратында сейсмикалық оқу- жаттығу өткіздік, қызметкерлердің жер сілкінісі болған жағдайда алғашқы іс-қимылдарын пысықтау және оларды эвакуациялау, қауіпсіз аумаққа шығару жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында тұрғындарға апаттық сөмке дайындау, эвакуациялау жолдары түсіндірілді. Айта кетсек, дабыл шабаданына медициналық көмек құралдары, ақша, құжаттар, гигиеналық заттардан бөлек, үйінді астында қалып қалған жағдайда құтқарушыларға белгі беруге мүмкіндік беретін қол шам (фонарь), ысқырғыш болған дұрыс, оған қоса қант та дайындап қойғаныңыз жөн, себебі іздестіру жұмыстары ұзаққа созылған жағдайда ол сізді қажетті энергиямен қамтамасыз етуге көмектеседі.

АҚЫЛЖАН АҚЫЛБЕКОВ- АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ ЖҰМЫЛДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАС ИНСПЕКТОРЫ
Төтенше жағдай зіл зала болған жағдайда дам бірінші сабырлық сақтау қажет. Одан кейін толқулар болып жатқан кезде лифтіменен және лестиницамен жүруге болмайды. Үшіншіден өзіңізді құтқару мақсатында сіздер қауіпсіз аумақ, мысалы бөлмеде болсаңыздар терезеден алшақтау барып мына несущестина дейміз сол жерлерге, есікті сәл сәл ашыңқырап қойып сол жерге тұрып, болмаса үстел, парталардың астына қарй отырып, толқуылар біткеннен кейін далаға өзіңізді қауіпсіз аймаққа шығару керексіз

Естеріңізге сала кетсек Абай облысы 5-7 балдық сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Нақтырақ айтқанда Семей қаласы мен Абай ауданында 5 балға дейін, Бородулиха, Жарма, Аягөз аудандарында 6 балға дейін, Ақсуат, Көкпекті, Үржар аудандарында 7 балға дейін жер сілкінісі болу қауіпі бар. Біздің өңір сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан халық сақтық шараларын білген жөн, дейді мамандар.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА