Саягүл Семейхан 1995 жылы 21 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Журналистика” мамандығын тәмамдаған.
Жұмыс тәжірибесі:
Журналистикадағы тәжірибесін 2014 жылы “ҚР Президентінің телерадио кешенінде” режиссер ассистенті ретінде бастады.
2016 жылы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының баспасөз хатшысы болып қызмет етті.
2018-2019 жылдар аралығында республикаға тарайтын «Ертіс өңірі» газетінің журналисі, кейін бас редактордың көмекшісі лауазымдарын атқарды.
2019-2022 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық «Шығыс ақпарат» медиахолдингінде журналист қызметін атқарды.
2022 жылдың маусым айынан бастап, Абай облыстық «Semei» телеарнасында бағдарламалар бөлімінің редакторы болып қызмет етуде.
Жетістіктері:
Саягүл Семейхан осы уақытқа дейін түрлі халықаралық медиа тренингтерге қатысып, біліктілігін шыңдап келеді.
2022 жылы Семей қаласының әкімі Б. Баяхметовтың Алғыс хатымен және ШҚО әкімінің «Менің туым» номинациясының иегері атанды.
2024 жылы "Еңбек адамы" номинациясы бойынша Абай облыстық журналистер байқауының жеңімпазы.