Бақытгүл Қазез 1995 жылы 4 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі:
2013 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Гуманитарлық-заң факультетінің "Журналистика" мамандығына оқуға түсті. 2017 жылдың маусым айында аталған жоғары оқу орнын бітіріп, "Әлеуметтік білім бакалавры" дәрежесін алды.
2018-2019 жылдары С.Ю.Витте атындағы Мәскеу унверситетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған. "Құқық магистрі" дәрежесі берілді.
Жұмыс тәжірибесі:
2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін – "Қазақстан" РТРК АҚ Семей қаласындағы филиалының жаңалықтар бөлімінің редакторы;
2022 жылы "Шығыс ақпарат" ЖШС контент-редакторы (Өскемен қаласы);
2023-2024 жж. "Қазақстан" РТРК АҚ Абай облысындағы филиалының web-редакторы, хабар дайындау бөлімінің редакторы;
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап телеарнада жаңадан ашылған "DIGITAL SEMEI" креатив бөлімінің жетекшісі болып қызмет етеді.
Біліктілікті арттыру:
- • "Санкт-Петербург қаласының кино және телевидение академиясы" филиалында "Қоюшы режиссер" қысқа мерзімді курстан өтті. (Астана, 2019 жыл. Оқытушы: Ангелина Мороз);
- • "Америка тәжірибесіне негізделген медиаэтика" медиатренерлерге арналған семинар (Алматы, 2023 жыл. Тренер: Линн Кэтрин Уолш);
- • "Аналитикалық журналистика/ Журналистік зерттеу" семинар-тренингі (Семей, 2024 жыл. Тренер: Айнұр Коскина, Гүлмира Біржанова, Марат Садықов).
Жетістіктері:
"Жаңғырған заманның жаңа мектебі" республикалық журналистер байқауының жеңімпазы;
"Асыл мұра" республикалық журналистер байқауының жеңімпазы;
"Жылдың жас журналисі" номинациясы бойынша Семей қаласының әкімі сыйлығының иегері (2019 жыл)
"Жылдың жас журналисі" номинациясы бойынша ШҚО әкімі сыйлығының иегері (2021 жыл)
"Білімді ұлт" номинациясы бойынша Абай облыстық журналистер байқауының жеңімпазы (2024 жыл)
ҚР министрлерінің, қала әкімінің, орынбасарларының, әкімдіктің дербес бөлімдерінің, Полиция департаментінің, ТЖД және ШҚО кәсіпорындарының бірінші басшыларының, "Қазақстан" РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбайдың алғыс хаттарымен марапатталған.