Сембаева Назира Өмірғазықызы
1981 жылғы 28 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген.
Теледидар саласында 2023 жылғы маусым айынан бастап Абай облысы бойынша «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ филиалында кадр жұмысы жөніндегі инспектор қызметін атқарады.
Білімі:
Жоғары білім
2008–2011 жж. – Семей қаласы, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті, «Құқықтану» мамандығы.
2007 ж. – Семей қаласы, Еуразиялық гуманитарлық колледжі, «Заңгер» мамандығы.
2002 ж. – Семей қаласы, М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі, «Технология пәні мұғалімі» мамандығы.
Еңбек өтілі:
2003–2007 жж. – технология пәнінің мұғалімі, «Бұлақ орта мектебі» ММ, ШҚО, Семей қаласы.
2007–2010 жж. – кадрлар бөлімінің инспекторы, «№2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ, ШҚО, Семей қаласы.
2011–2012 жж. – кадрлар бөлімінің инспекторы, «Орал-дизайн-стройсервис» ЖШС, Астана қаласы.
2012–2013 жж. – кадрлар бөлімінің басшысы, «Жанель ММ» ЖШС, Астана қаласы.
2013–2014 жж. – персонал жөніндегі менеджер, «Семей жолдары» ЖШС, Семей қаласы.
2014–2018 жж. – кадрлар бөлімінің инспекторы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы орталығы» ММ.
2023 жылғы маусым айынан бастап – Абай облысы бойынша «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ филиалында кадр жұмысы жөніндегі инспектор.
Жетістіктері:
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Е. Бураханның атынан берілген «Жыл үздігі» Алғыс хатымен марапатталған.