Арайлым Әлиханова 2002 ж 10 сәуірде Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылында дүниеге келген.
2019–2023 жылдары Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде «Журналистика және репортер ісі» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2023–2024 жылдары «SEMEI» телеарнасында жаңалықтар редакциясында «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында бастаған. 2024–2025 жылдары телеарнада азаматтық-құқықтық шарт бойынша жаңалықтар редакциясында қызмет атқарған.
2025 жылдың ақпан айынан бастап телеарна штатына қабылданып, қазіргі уақытта жаңалықтар редакциясының редакторы қызметін атқарады.