1983 жылғы 28 маусымда дүниеге келген. 2000 жылы №6 мектеп-гимназиясының гуманитарлық сыныбын тәмамдағаннан кейін Шәкәрім атындағы СМУ-ға оқуға түсіп, «Орыс филологиясы» мамандығын меңгерді.
2004 жылы университетті бітіре сала, «Қазақстан–Семей» телеарнасында таңғы бағдарламаның штаттан тыс жүргізушісі болып еңбек етті. 2005 жылғы 5 қаңтардан бастап телеарнаның штаттық қызметкері ретінде режиссер қызметіне қабылданды.
2007 жылы «Телережиссура» бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтады. 2012 жылдан бастап бағдарламалар редакторы қызметін атқарды. 2020 жылдан бері телеарнаның аға режиссері болып жұмыс істейді.
«Жасөспірімдер медиа-холдингі» жобасының авторы. Жоба «Бота» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылып, алты жыл бойы жалғасты. Жоғары сынып оқушыларына арналған тележурналистиканың негіздерін үйрететін оқыту бағдарламасының авторы.
Жоба аясында эфирге шыққан «НАДО» авторлық жастар бағдарламасы Ресей Федерациясының Чебоксары қаласында өткен «Волжские встречи – 2012» жас журналистердің халықаралық байқауында екі номинация бойынша марапатталды.
Еңбек жолында «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан» РТРК басшылығынан екі, Мәдениет және Ақпарат министрінен бір Алғыс хатпен, сондай-ақ құрмет грамоталарына ие болған.