Гүлназ Мұхаметқалиқызы Қаукен 1985 жылы 23 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмәмдады.

2002-2006 жж СТР телеарнасында қазіргі «Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облысындағы филиалында өндірістік тәжірибеден өтті.

2006 жылдан күні бүгінге дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облысындағы филиалында «Жаңалықтар» бөлімінің редакторы және дикторы, телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметтің редакторы және жүргізушісі қызметтерін атқарды.

2022 жылы ҚР Журналистер Одағының мүшелігіне өтті.

2023 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облысындағы филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметтің шеф-редакторы қызметін атқарып келеді.

Гүлназ Мұхаметқалиқызы Қаукен еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымының Алғыс хаты (2019 ж),

ШҚО әкімінің тарапынан өңір журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін «BIZ BIRGEMIZ» аталымы бойынша дипломы (2020 ж), «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымының Құрмет грамотасы (2022 ж).