Сайра Қажыоспанқызы Нүсіпбаева 1966 жылы 9 қаңтар күні Мақаншы ауылында дүниеге келген

1985-1990жылдары С.Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін оқып, бітірген .

1990 жылдан Абай облыстық “Semei” телеарнасында қызмет істейді.ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Түркітілдес Журналистер Қорының мүшесі, Семей қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі.


«Әлем таныған Әуезов», «Дарабоз» , «Ұранымыз Алаш...», «Бейбітшілік миссиясы», «Қала бар Семей деген...» т.б. телефильмдердің, «Қала және қалалықтар», «Абай әлемі», «Көкейкесті», «Жетішатыр», «Тұлға» т.б. бағдарламаларының авторы. Аймақаралық телекөпірлердің ұйымдастырушысы. 1998-2003 жылдары негізігі жұмысымен қатар “Хабар” агентігіне сюжеттер, ЮСАИД-тың даму бағдарламасының тапсырысы бойынша хабарлар дайындаумен айналысты. Мақалалары «Айқын», «Алаш айнасы» т.б. республикалық мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады.

  Журналистер арасындағы республикалық байқаулардың жеңімпазы, ҚР баспасөз және ақпарат министрлігі, Мәдениет министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік жағынан қолдау министрліктерінің, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі жанұя-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ грамота және дипломдарының, “Алғыс”, «Семей қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Абай», «Ақпарат ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталған. Корпоративтік әлеуметік жауапкершіліктің еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты көрсете білгені үшін Орталық Азиядағы Евразия қоры /EFCA/, «Amerikan chamber of commerce in Kazakhstan» сауда палатасының арнайы сертификаты иегері