Негізгі Жобалар Уәде&Үде
Уәде&Үде

Уәде&Үде

«Уәде» – мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың және өңірлік бастамалардың іске асырылуын жан-жақты зерделейтін ақпараттық-сараптамалық телебағдарлама.

Бағдарлама барысында журналист мемлекеттік орган өкілдерімен, әкімдермен, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен, жауапты басқарма басшыларымен және тұрғындармен кездесіп, нақты мәселелердің шешілу барысын көрсетеді.

Әр шығарылым өзекті тақырыптарға арналады. Түсірілім барысында жауапты тұлғалардың берген уәделері, жоспарланған жұмыстар мен күтілетін нәтижелер көрермен назарына ұсынылады. 

Бірнеше ай өткеннен кейін бағдарлама сол тақырыпқа қайта оралып, Big Data қағидаты бойынша жиналған ақпаратты, ресми статистиканы және жергілікті тұрғындардың пікірін саралай отырып, берілген уәделердің орындалу деңгейін тексереді. Осылайша көрермен мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижесін көріп, жауапты тұлғалардың есептілігіне қоғамдық бақылау жасай алады.


Бөлісу