Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай облысындағы су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Облыста 64 елді мекенде су басу қаупі бар. Тасқынға тосқын қою үшін азаматтық қорғау жүйесінің барлық күштері жоғары дайындық режиміне көшірілді. Оған 1 436 адам мен 543 техника жұмылдырылған. Өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығы, гидротехникалық құрылыстардың жайы, ауыл-аймақтардағы ахуалды нақтылау – сапардың негізгі мақсаты.