Этноауылда бүгін де бәсеке. Тақталы ойын дойбыға қызыққандар бас қосты. Тіпті ШҚО-сынан арнайы келгендер де бар. Тәжірибелі дойбышылармен бірге жастар да қабілеттерін көрсетіп, ой таластырды.
Дойбы ойыны ел арасында кең таралған спорт. Логикалық ойлау, стратегия құру, зейінді жинақтауды жақсы қалыптастырады. Салмақтылық пен ой жүйріктігін сынап көруге 50-ден артық адам жиналған.
ҚУАТ ИСАЖАНОВ- ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Осы уақытқа дейін басқа спорт түрлерінен өткізілді. Бүгінгі күні дойбыдан қалалық ашық чемпионат өткізіліп жатыр. Ашық турнир болғаннан кейін басқа өңірлер де шақырылды. Оған Абай облысы мен ШҚО спортшылары барлығы 50-ден артық адам қатысып жатыр.
Кезінде Қазақстан Құрамасында ойнаған, 55 жыл дойбыны серік еткен спорт шебер Тұрсынғали Рахымжанов та бұл күнді асыға күткен. Әр өңірдің мықтыларымен бір алаңда кездесу ол үшін нағыз спорттық мереке.
ТҰРСЫНҒАЛИ РАХЫМЖАНОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгінгі турнир жақсы өтіп жатыр. Ылғи мықтылар келген. Дойбы осылай дами берсін, деймін.
ЖАРАС ИСАХАНОВ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Дойбы халық арасында жақсы тараған, ел сүйсініп ойнайды. Ерлерді біз Швейцарь жүйесімен ойнатып жатырмыз. Өскеменнен спорт шебері, Тарбағатай, Зайсан, Үржар, Көкпекті , Семейдің ойыншылары кездестік.
Дойбы есте сақтау қабілетін шыңдай түседі, дейді жарысқа қатысушылар. Адамның интеллектуалдық дамуына, күрделі жағдайда шешім табуына баулитын жарыста суырылып алға шыққандарға ақшалай сыйлықтар бар.
Нұргүл Садықова