Абай облысының әкімі Берік Уәлидің жұмыс сапары Аягөз ауданында жалғасты. Аймақ басшысы Аягөз қаласындағы бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Қаладағы «Орталық» жылу қазандығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Біріккен энергосервистік компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты электр жабдықтау станциясында болып, Аягөз өзеніндегі су деңгейін бақылады.
Облыс әкімі алдымен «Жайлы мектеп» бағдарламасымен салынып жатқан мектептің құрылысын көрді. 600 орындық білім ордасы биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Облыс әкімі Берік Уәли құрылыстың кестеден кешеуілдемеуі үшін жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Облыстық құрылыс басқармасының мамандары құрылыс барысы туралы ақпараттандырды.
Шыңғыс Риаханов – Абай облысының құрылыс басқармасының басшысы
Қазіргі уақытта спорт зал және актовый зал бөліктерінің құрылыстары жалғасуда негізгі құрылыс жұмыстары. Ал қалған блоктардың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті әкімдік тарапынан инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымы толық қамтамасыз етілген бұл мектептің. Яғни суы, электр желісі, барлық осындай желілер тартылған.
Аягөз қаласында қазір 5 қабатты, 60 пәтерлі екі тұрғын үй салынып жатыр. Аймақ басшысы тұрғын үйлердің құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырып, сапасына көңіл бөлу керектігін атап өтті. Баспана кезекте тұрғандар мен ипотекалық бағдарламаға қатысушыларға беріледі. Жалпы, Аягөз ауданында 1500-ден астам адам баспана кезегінде тұр.
Шыңғыс Риаханов – Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы
Бұл тұрғын үйлер кредиттік үйлер деп есептеледі. Әр тұрғын үйдің бағасы 1 млрд. шамасында жалпы құны. Қазіргі уақытта, былтырғы желтоқсан айында соның бір үйі қолданысқа берілді. Енді екінші үйі қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бір-екі айдың ішінде жұмыс аяқталуы керек.
Облыс әкімі Аягөздегі «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ-на қарасты электр жабдықтау станциясына да барды. Электр жүйелерін жаңғырту жұмыстарымен танысты. Станция Аягөзбен қоса, Үржар мен Мақаншы аудандарын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Мұнда 220 киловаттық подстанция салынуда. Бұл Алакөл демалыс аймағындағы электр қуатының тапшылығын жоюға жақсы мүмкіндік.
Жандос Қайырханов –Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы
Бұл жерде негізі осы алдыңғы жылдары жоба бар. Мақаншыдан Көкталға дейін 110-дық осы электр желісі тартылған болатын. Енді қазіргі ОСК компаниясы әзірлеген сметалық құжат бар. Жобалау сметалық құжаты. Бұл осы Көкталдан арықарай Алакөлдің жағасына дейін 74 шақырымды құрайтын электр желісі. Бюджеттік өтінімді республикалық министрлікке тапсыру арқылы осы жұмысты ары қарай жалғастыратын боламыз.
Облыс әкімі Аягөз қаласындағы «Орталық» қазандығының жұмысын көрді. Өткен жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қаладағы 3 қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. Былтыр қаладағы 4,2 шақырым жылу желісі ауыстырылды. «Орталық» қазандығының қуатын арттыру үшін 3 қазандыққа күрделі жөндеу керек.
Жандос Қайырханов –Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы
Биыл да жоспарда осы қалған оншақты шақырым жылу желілері бар. Соны ауыстыру керек. Одан кейін осы қазандықтың өзінде трансформатор тұр. Ол трансформатор жаңағы осы қазандыққа ғана емес, қасындағы үйлерде бар. Нагрузка түскен кезде ол ана, болған сондай жағдай өшіп қалса, кесірі тиеді. Сондықтан, биыл қазандыққа жеке өзіне трансформатор қою жоспары бар.
Берік Уәли сонымен қатар Аягөз қаласындағы ауданаралық орталық аурухана жанынан салынып жатқан 10 орындық реанимациялық бөлімнің құрылысында да болды. Нысанды салуға ауыл медицинасын жаңғырту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.
Шалқар Омаров – Аягөз ауданаралық орталық ауруханасының бас дәрігері
Ішіндегі қажетті құрылғыларының барлығы толықтай сол проект-сметалық құжаттаманың ішінде кіргізілген. Енді қажетті, ең қажетті құрылғылар мен сол бірге осы реанимациялық бөлімге бірге өткізіледі. Ол енді өкпені қолдан тыныс алдыру аппараттары дейміз. Сосын кейін медициналық консульдар дейміз. Барлығы соның ішінде бірге сол прект-сметалық құжттаманың ішінде тұр.
Облыс әкімі жұмыс сапары барысында қаладағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде де болды. Қазіргі таңда ғимаратты жөндеу қажет. Аймақ басшысы жауапты басқармаға нысанды жаңғырту үшін тиісті ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, Аягөз өзеніндегі су деңгейін де қадағалады. Былтыр өзен ернеуінен асып, бірнеше ауланы су басқан болатын. Өткен жылы қауіптің алдын алу үшін өзен жағалауы бекітілген. Жергілікті атқарушы билікке көктемде өзенді үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. Айта кетейік, сапар барысында облыс әкіміне Аягөз ауданын дамыту бойынша бірқатар жоба таныстырылды. Бұл ретте Берік Уәлиұлы аталған жобаларға инвестор тартып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асыру керектігін жеткізді.