Күннің суытуына байланысты Семейде жылу беру маусымы қазан айының бірінен басталды. Десек те тұтынушылардың өткен маусымдарға борышы көп. Жаңа маусым басталса да өткен қыстың қызмет ақысы төленбеген. Семей тұтынушылары жилу беруші кәсіпорынға 122 млн. теңге қарыз.

Биыл Семейде жылу берет маусымы жылдағыдан эрте басталды. Күн ерте суытқандықтан қазандықтар қазан айының 1-инен жылуға қосыла бастады. Ең алдымен жылу әлеуметітік, білім, денсаулық сақтау мекемелеріне берілді. Көмір қазандықтарға кесте бойынша жеткізілуде. Қыс маусымына 410 мың тоннаға жуық көмір керек. Қазірде соның 75 мың тоннасы жеткізілген. Қаладағы жылу көздері тәулігіне 1 мың 151 тонна көмір жағады.

Елена Проскурякова – ТҮКШ бөлімінің бас маманы

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес қалада 1 қазаннан бастап жылу беру маусымы басталды. Бүгінгі таңда қазандықтар іске қосылған, өздерінің температурные кестесіне сай жұмыс істеуде. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар барлық нысандар мен тұрғын үйлерге жылу толықтай қосылды. Он бесінші тамыздан бастап Жылу коммунэнергоға қарасты бірінші Жылу электр орталығына күн сайын көмір жеткізілуде. Отынға қатысты мәселе жоқ.

Жылу нысандарын жөндеу кестеге сай жаз бойы жүргизилді. Дегенмен, тұтынушылардың берешегі көп. Бұл ағымдағы жұмыстарды атқаруға кедергі келтиретіні белгілі.

Елена Проскурякова – ТҮКШ бөлімінің бас маманы

Бүгінгі күні тұрғындардың Жылукоммунэнерго алдында берешегі бар. Әрине, тұрғындар қарыздарын төлеуі керек. Өйткені, бізді жылу әрі сумен қамтамасыз етіп отырған Жылукоммунэнерго мекемесине де уақтылы қызметкерлердің айлық жалақысын төлеп, көмір сатып алу қажет.

Жылу ақысына қарыз жылдап жалғасып келе жатқан мәселе. Кезекті жилу берут маусымы Семейде тағы да миллиондаған берешекен басталды. Қалалықтардың жылуға борышы- 122 млн. теңге.

Ақбота Бияхмет