Президенттің тапсырмасымен Семей қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары әзірленуде. Байқау қорытындысы бойынша оны "Астанагенплан" ғылыми-зерттеу жобалау институты дайындауда. Қазірде жұмыстың 80% аяқталды. Бас жоспар 2024 жылдың төртінші тоқсанында бекітілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығындағы брифингте белгілі болды. Қала шартты түрде екі ірі жоспарлау аймағына бөлінген: оң жағалау және сол жағалау. Әр аймақ төрт тұрғын ауданнан тұрады. Ол аудандар арасы негізінен теміржол магистральдары арқылы бөлінеді. Бас жоспардың есептік мерзімі-2040 жыл, онда 2055 жылға дейінгі қаланың дамуы да қарастырылған. Солтүстік-батыс бөлігінде Қарағайлы шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салынып болады. Жаңа құрылыстар қаланың оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде: Суықбұлақ, Ұшактар, Комсомол, Жарық кенті аудандарында көзделген. Қаланың орталықтары Әуезов даңғылы – Алматыға шығатын магистраль, солтүстік бағытта Қаржаубайұлы көшесі, солтүстік – батыс бағытта Сәтбаев көшесі, шығыс бағытта Абай көшесі және батыс бағытта Би-Боранбай көшесі болып белгіленген.

ДАРХАН СЕЙІТХАНОВ СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі қаланың негізгі композициялық орталықтары Шәкәрім даңғылы мен Мұхамедханов көшесі болып отыр. Қазіргі уақытта қала орталығы Шәкәрім, Мұхамедханов, Чайковский көшелерінің шегінде қалыптасты. Осы аумақта орналасқан әкімшілік ғимараттар қаланың орталық алаңын құрайды. Жобада тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштері, қоғамдық және тұрғын үйлер бұрынғыша сақталған.

Оң жағалаудағы жоспарлау ауданы мынандай тұрғын аудандарды қамтиды: қала орталығы; Шығыс; Ақсай; Батыс бөлігі. Қала орталығында негізгі әкімшілік-іскерлік және қаржы мекемелері, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, оқу орындары, теміржол және автомобиль вокзалдары, ірі сауда нысандары шоғырланған. Кейбір саяжай алқаптарының жері бас жоспарға сәйкес, қаланың алдағы дамуы ескеріле отырып, аз қабатты және орта қабатты ғимараттарға бөлінген.

ДАРХАН СЕЙІТХАНОВ СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Саяжайлар 2011 жылғы бас жоспар бойынша саяжай алқаптары ретінде көрсетілді. Жаңа бас жоспарда кейбір саяжай алқаптары аз қабатты және орта қабатты ғимараттарға бөлінген. Жобаны әзірлеу кезінде саяжайларды тұрғын үй аудандары деп көрсетуге келмейді. Алайда, жаңа бас жоспар әлі бекітілген жоқ және біз 4 наурызға дейін мерзім алдық. Саяжайларда алдағы уақытта не болады, оларды жаңа бас жоспарда қалай көрсететініміз туралы ұсыныс жасайтын боламыз.

Қаланың бас жоспарымен қала тұрғындары да таныса алды. Ол кітапхана ғимаратында тұр.

Әзірге эскиздер жақсы. Міне, осы жоспарда мен айтып отырған аурухана көрінбейді. Кеше мен бұл аурухана туралы әкімдіктен жауап алдым. Бұл қала орталығы, биік үйлер орналасатынына келісемін. Мұнда инфрақұрылым жұмысқа, оқуға жетуге мүмкіндік береді. Өте ыңғайлы және қажет.
Жанармай құю станциясына мен келісемін. Ол Әуезов даңғылында тұр. Бұл іс жүзінде қажет емес және ол жерге көліктер де көп жиналады. Бала жолға жүгіріп қорқынышты. Міне Тарбағатай көшесі мен Байтұрсынов көшесі. Бұл аймақта автотұрақ болды. Олар оны алып тастапты, олар бес қабатты үй мен тоғыз қабатты үйдің арасынан салуды жоспарлап отыр. Қашықтық жақын деп айтпаймын.
Семейліктер қаланың жаңа жоспарымен 15 наурызға дейін Абай атындағы кітапханада танысып, өз ойларын білдіре алады. Әзірге қала тұрғындарынан 200 -ден астам ұсыныс түскен. Қоғамдық талқылаулардан кейін қала, облыс мәслихаттарына, одан кейін Үкіметке жолданады.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА