Еліміздің бірлігі мен тыныштығын, ішкі тәртібін сақтау және оны күзету маңызды міндеттердің бірі. Осы тұста Ұлттық ұлан әскерлерінің қызметі орасан. Бүгінде Ішкі әскердің құрылғанына 32 жыл толды. Айтулы күнді 5511 әскери бөлім қызметкерлері ерекше атап өтті.

1992 жылдың 10 каңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ішкі істер министірлігінің Ішкі әскері құрылды. 32 жылдың ішінде ішкі әскер құрамы толығып, жаңа техникалармен жабдықталды. Аталған құрылым жыл сайын 400-ден астам астам сарбазды дайындап шығарады.

АЙБЕК ИСЕНОВ - 5511 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ
 Ұлттық ұлан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі ҚР президентінің жарлығымен 2014 жылы 21 сәуірде ішікі әскердің ұлттық ұланына ауысып 2015 жылдың 10 қаңтарында ҚР Ұлттық ұланы туралы заң қабылданды. Сол уақыттан бері Ұлттық ұлан жауынгерлері мемлекеттік сенімінң қорғаны екенін талай рет дәлелдеді. Атап айтқанда жаппай тәртіпсіздік барысында Ұлттық ұланның жауынгерлері еліміздің тұрақтылығының бұзылуына жол бермеді.

Аталған шараға серіктес орган өкілдері, 5511 әскери бөлімінің ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Ел қауіпсіздігін қорғау жолында ерлігі мен өз міндетіне адалдығын көрсетіп жүрген әскерилер көп. Шара барысында саланың дамуына еңбек сіңіріп жүрген азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

КЕНЖЕБЕК ОРЫНҒАЗЫ - ЗАПАСТАҒЫ МАЙОР
Қазіргі таңда біздің әскерлер бұрынғыдай емес. 32 жыл болды. 1992 жылдан бастап 2000 жылдарға дейін қиыншылық болды. Өйткені жабдықтар аз болды. Ары- бері жүретін біздің служба бабында ГСМ да аз болды. Одан кейін біртіндеп бәрі орнына келіп, біздің қолбасшымызға рахметімізді айтамыз.

Сарбаздардың бойындағы адалдық, патриоттық қауіпсіздік пен тыныштықтың кепілі. Бұл еліне қызмет етіп жүрген әрбір жауынгердің бойында болуы тиіс қасиеттер.


ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ