Аслан Ертісбаев 1996 жылы 15 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.

2018 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің журналистика мамандығын тәмәмдаған.

2018 жылдан 2019 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» Семей қаласындағы филиалы «Semei» телеарнасында жаңалықтар бөлімінде редактор болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2020 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалында «Жаңалықтар» бөлімінің редакторы, диктор қызметін атқарды.

2022 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облысы бойынша филиалында «Жаңалықтар» бөлімінің редактор, диктор қызметін атқарады.