Диана Әсетқызы Төлеу 1995 жылы 9 шілдеде Абай облысы, Көкпекті ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2016 жылдан студент кезінен «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалында тәжірибеден өтуді бастады.

2018 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті журналистика мамандығы бойынша тәмамдады.

2018 жылдан бастап «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалында журналист, тележүргізуші болып қызмет атқарып келеді.

2022 жылы «Halyk Life» АҚ журналистерге ұйымдастырған республикалық байқауда Диана Әсетқызының «Өмірді сақтандыру туралы» материалы Қазақстан бойынша үздік деп танылды.

2023 жылы "Балалар жылындағы" белсенді жұмысы үшін ҚР Білім және ағарту Министрінің атынан алғыс хатымен марапатталды.