Назерке Бейбітқалиқызы Мұратқали 2000 жылы 14 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген.

2022 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік тәмамдады.

2022 жылдан бастап Әлихан Бөкейханов университетінің филология факультетінің магистратура бөліміне оқуға түсті.

2023 жылдан бастап “Қазақстан” РТРК” АҚ Абай облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің редакторы қызметін атқаруда.

Журналистика саласында қызмет етпес бұрын бірнеше журналистерден дәріс алып, дағдыларын жоғарлатты.

2021-2022 жылы Республикалык "JAS MEDIA HOUSE" медиа мектебінінен тәжірибеден өтті. Асаубек Айымбетовтың тележургізушілік курсын аяқтады.

Назерке Бейбітқалиқызы Мұратқали жастайынан шығармашылықпен айналысып келеді, сонын нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі ақындар мүшәйрасының жеңімпазы атанды. «Сәби» Қайырылымдылық Қоры ұйымдастырған Республикалық Тоғызыншы жас ақындар сайысының - 1 орын жулдегері (2019 г.)

- Ақын Ұлықбек Есдәулет атындағы білім грантының женімпазы (2018 г.) Қазақстандағы медиякеңістікті дамытуға бағытталған журналистика және PR салаларын қамтыған Республикалық "Jas Media House" медия мектебіне шығармашылық жұмыстардыц авторы ретінде сертификат беріледі.

"Журналист болғын келсе" атты обылыстық сайыстың - 2 орын жулдегері.

"Ustaz tilegi" ғылыми- әдістемелік орталығы ұйымдастырған Халықаралық "Қазак тілі мен әдебиеті" пәні бойынша студенттер арасындағы олимпиаданың- 2 орын жүлдегері.