«Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалының директоры

Молдабаев Хасен Советханұлы, 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келді. Өзінің еңбек жолын 2003 жылы жергілікті телеарнада жүргізуші-редактор қызметінен бастады және осы жылдары «Жасыл ел» штабының баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді. Бұдан кейін еңбек жолын Астана қаласында «Эра» телеарнасында жаңалықтар қызметінің жүргізуші және тілшісі болып жалғастырды. 2009 жылы жаңа 7 арнаның арнайы тілшісі ретінде жұмыс істеді. Хасен Молдабаев әр жылдары мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда бұқарамен байланыс маманы және баспасөз қызметінің жетекішісі,  24.kz телеарнасындағы бірқатар бағдарламалардың жүргізуші-редакторы болып еңбек етті. Іскерлік медициналық журналдың және білім орталығының басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдың 21 қарашасында  «Қазақстан» РТРК» АҚ филиалының директоры болып тағайындалды.

Білімі

- Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті, әлеуметтік-ғылымдар факультеті, мамандығы: «Бұқарамен қарым-қатынас» (PR);

  • - Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті, әлеуметтік-ғылымдар факультеті, мамандығы: «Құқықтану»;
  • - Л.Н. Гумилeв aтындaғы Eуpaзия ұлттық унивepcитeтi, Журналистика және саясаттану факультеті, мамандығы: «Қоғаммен байланыс»  (PR), дәрежесі: әлеуметтік ғылымдар магистрі;
  • - «Сити Бизнес Скул» РФ, Мәскеу қ., дәрежесі:  «Іскерлік әкімшілендіру шебері» (MBA).

Қосымша ақпарат: Қазақстан Журналистер одағы Абай облыстық филиалының төрағасы, Бас редакторлар клубының мүшесі. Бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтын Алғыс хат иегері. Түрлі мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарының иегері. "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.