Погондағы журналист

Жоба «Заң және тәртіп» нарративасы аясында жүзеге асады.Тележоба барысында журналист бір күнге құқық қорғау органының қызметкері рөліне енеді. Арнайы форма киіп, маманның қасында жүріп, оның жұмыс күнін толығымен бірге өткізеді. Әр шығарылымда жаңа мамандық: криминалист, тергеуші, учаскелік инспектор, жол-патрульдік полиция қызметкері және т.б.


Телебағдарламаның мақсаты - құқық қорғау қызметкерлерінің күнделікті жұмысын басқа қырынан көрсету. Журналистің жеке тәжірибесі арқылы көрермен түрлі салалардағы мамандардың қандай қиындықтарға, қауіп-қатерге және үлкен жауапкершілікке тап болатынын көреді. Сонымен қатар, жоба құқықтық тәртіп саласындағы мамандықтарды насихаттауға бағытталған.

Тағы да